Шетелдіктерге қазақ тілін білу міндеттелді
Енді Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдіктер қазақ тілін B2 деңгейінде білуі міндетті.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков «Азаттық» радиосына хабарлады.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлескен бұйрық жобасына өзгеріс енгізіп, тілді білу деңгейін ортадан жоғары – В2 деңгейі шеңберінде кемінде 70% көлемінде белгілеуді ұсынды. Бұл бұйрық жобасы қабылданды», – деді Ішкі істер министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, Бұған дейін 2026 жылғы 13 ақпаннан бастап Қазақстанда тұрақты тұрғысы келетін шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырып, тілді А1 деңгейінде білуі керек еді. Енді B2 деңгейінде меңгеру қажет.

Фото; Ашық дереккөз












