ІІМ оқушылар мен студенттерге маңызды мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды fastnews.kz.

Жазғы демалыс кезінде әлеуметтік желілерде «оңай әрі тез табыс табу» туралы жалған жарнамалар жиі тарайтыны жылдағы үрдіс. Алайда оңай олжаның болмайтыны белгілі. Олардың артында есірткіні тасымалдау, тарату, насихаттау немесе жарнамалау секілді заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі осылай дейді.

«Есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін. Бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Жылдам табыс иллюзиясы үшін басыңызды қатерге тікпеңіз», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *