Бүгін — қазақ өнерінің мақтанышына айналған, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні.

Дарынды өнер иесі халықаралық сахналарда талай мәрте топ жарып, қазақ елінің мерейін үстем етті. Ол 2013 жылы өткен «Мейкин Азия» І халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанса, 2015 жылы Витебск қаласында ұйымдастырылған XXIV халықаралық «Славян базары» байқауында Бас жүлдені иеленді.

Сол жылы Ыстанбұлда өткен «Abu TV» халықаралық Азия-Тынық мұхиты фестивалінде Қазақстанның намысын қорғап шықты. Ал 2017 жылы Қытайдағы «I am Singer» жобасына қатысып, ерекше дауысымен күллі әлем тыңдармандарын таңғалдырды.

Бүгінде Димаш Құдайбергеннің өнеріне сүйсінетін миллиондаған жанкүйер бар. Алты октаваны еркін бағындыратын сирек дауысы қазақ даласынан асып, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманның жүрегіне жол тапты.

Ерен еңбегі мен табиғи талантының арқасында ол қазақ өнерін жаһанға танытып, ел абыройын асқақтатып келеді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *