Астаналық мейірбикеден туберкулез анықталды
Астанадағы №1 қалалық ауруханада қызмет атқарған мейірбикеден туберкулез анықталды.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медицина қызметкерінің жұмысқа шығуына рұқсат берілген. Дерт сәуір айында жоспарлы медициналық тексеру барысында белгілі болған. Соңғы рет оның 24 сәуір күні жұмысқа келгені айтылды.
Қазіргі уақытта мейірбике тиісті ем қабылдап жатыр. Онымен байланыста болған 39 қызметкер толық тексеруден өтіп, нәтижесінде барлығынан ауру белгілері анықталмаған.
Сондай-ақ аурухана ішінде санитарлық талаптарға сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Фото: Ашық дереккөз












