Қазақстан мен Ресей екі ел аумағында мектептер салу туралы келісімге келді. Бұл туралы Астанада өткен ЕАЭО форумы дәлізінде  ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Қазақстан Орынбор облысында, сондай-ақ Омбы мен Астрахань қалаларында осындай жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Жұманғариннің сөзінше, Орынбор бойынша жер телімі келісілген, ал Астрахань мен Омбыда бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін тараптар қажетті құжаттарға бір мезгілде қол қоюды жоспарлап отыр.

Министр бұл мектептерде аралас білім беру жүйесі енгізілетінін атап өтті,  оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оның айтуынша, балалар мектеп қай елде орналасқанына қарамастан екі тілді де меңгере алады.

Келісімге қол қойылғаннан кейін құрылыс қысқа мерзімде басталады деп күтілуде. Министрдің бағалауынша, әрбір мектептің құрылысы бір жылдан бір жарым жылға дейін созылады.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *