Қызылорда облысындағы Арал ауданында биыл 726 гектар жерге егіс егу жоспарланған. Қазір ауданда 387 гектар жерге егін егіліп, 180 гектар ескі жоңышқа суарылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Өзіңізге белгілі, Арал жері егін шаруашылығына аса қолайлы емес. Бірақ кейбір ауылдық жерлерде бақша дақылдарын жол бойы үзбей егіп келеміз. Мал азығынан бөлек, егілген бақша дақылдарын, сондай-ақ қауын мен қарбыз, асқабақты жергілікті тұрғындар күзде сатылымғға шығарады. Қазір су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, Сексеуіл кенті, Ақирек, Жаңақұрылыс ауылдық округтерінде барлығы 80 гектар жерге тамшылату және «подпленка» әдісімен ауыл щаруашылығы дақылдарын ектік», дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек Жұбанов.

Диқандар биыл өзіне қажетті тұқым қорын көршілес аудандардағы шаруашылықтардан алған. Сондай-ақ елді мекендердегі егістікке баратын 3,1 мың текше метр ішкі шаруашылық каналдар жүйесін, ондағы қамыс пен борықтан тазалау жұмыстары уақытылы жүрген.

Қазір егін мен шабындық жерлерді суаруға 6 дизельді су насосы жұмыс істейді. Қосымша 10 дана ДНУ-200/75 дизельді су насосы дайын тұр.

Айта кетейік, Арал ауданы бойынша көктемгі дала жұмыстарына 39 трактор, 7 соқа, 5 тұқмсепкіш, 20 жүк көлігі мен 22 трактор тіркемесі қатысқан.

Фото: Арал аудандық АШжЖҚ бөлімі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *