Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінің чемпионы атанды
25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.
Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары:
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – қазіргі әлем чемпионы;
Чжу Цзиньэр (Қытай) – әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;
Хампи Конеру (Үндістан) – әлем шахматының белді өкілі;
Анна Музычук (Украина) – Norway Chess Women турнирінің былтырғы жеңімпазы;
Дивья Дешмукх (Үндістан) – әлем кубогының иегері.
Бұл турнир Бибісара үшін дебют болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.
Фото: norwaychess.no












