Қызылорда: Қазалы ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылған
Президент Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысы, Қазалы ауданында да өткен жылы жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде, аудан тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Ауыз сумен қамту бойынша 2025 жылы аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, республикалық,облыстық және арнайы есеп шоттан тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, аталған елді мекендерге таза ауыз су пайдалануға берілді.
Қазір аудандағы барлық елді мекен тұрғындары таза су тұтынып отыр.
Фото: Қазалы ауданы әкімдігі












