Кеше Қызылорда облысына қарасты Арал қаласындағы Балықшылар аллеясында Астана күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Мерекелік шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен елорданың өркендеуін дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Әсерлі әндер мен мазмұнды қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді арттыра түсті.
Концертте Астананың еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі маңызы кеңінен насихатталып, ел бірлігі мен берекесін дәріптейтін шығармалар орындалды. Жиналған жұртшылық өнер иелерінің өнеріне ризашылықтарын білдірді.
Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *