Аргентина құрамасы ширек финал жолдамасы сарапқа салынған матчта Мысырдан үлкен қиындықпен басым түсті. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Матчтың басым бөлігінде есепте Мысыр құрамасы алда болды. Олар екі гол соқты, ал 59-минутта енгізген тағы бір голын төреші есепке алмады.

Аргентина ойын соңына қарай ғана таразы басын теңестіре алды. Команданың алғашқы голын 79-минутта Ромеро соқты. Ал 83-минутта Месси есепті теңестірді.

Жеңіс голын қосымша уақыттың үшінші минутында Энцо Фернандес соқты. Дәл осы гол Аргентинаға жеңіс пен ширек финал жолдамасын сыйлады.

Үшінші голдан кейін Мысыр құрамасының ойыншылары төрешінің шешіміне белсенді түрде қарсылық білдірді.

Олардың пікірінше, гол соғылар алдында ереже бұзылған. Алайда төреші голды жойған жоқ. Нәтижесінде Мысыр құрамасының бас бапкері мен бірнеше ойыншысы сары қағаз алды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *