Қызылорда: Қазалы ауданында 200 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданында өткен жылы бюджеттен 1 млрд, 320,5 млн.теңгеге 2 пәтерлік 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Жақын күндері ауданда 200 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйге кезегінде барлығы 3374 адам тіркелген.
Оның ішінде: Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары бойынша – 931 адам, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 128, Көпбалалы отбасылар – 777, бюджеттік сала қызметкерлері – 306 және санатсыз – 1232 адам тіркелген.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі












