Қызылордадағы Қазалы ауданында өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Халық арасында Қазалы ауданын – «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Мәселен, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін 4935 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 4829 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 97,8 пайыз болды.
Ауданда жыл басынан бері жаңадан 9 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 25 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шараларына келсек, бизнесті қолдауға бағытталған кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беретін қаржылық ұйымдары тарапынан аудан кәсіпкерлеріне өндіріс түрлерін ашу мен дамыту бағытында жыл басынан бері барлығы 188 жобаға 1,6 млрд.теңге несие қаражаты берілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, 2026 жылдың 1 жартыжылдығында ауданда 1 млрд. 95 млн. теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде ерекше атап өтетін «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы. 2025 жылы Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 млн. теңгеге көлемі 464 гектар жерді құрайтын балық тоғаны шаруашылығын бастаған болатын.
Қазіргі уақытта шаруашылықтың жоспарына сәйкес 2026 жылдың күз айларында 500 тоннаға жуық тауарлы балық өндіріп, оны халықтың игілігіне жарату көзделуде.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *