Қызылордадағы аудан орталығы – Арал қаласынан көз дәрігерлік кабинетін ашқан Марат Ердіхалықов халық денсаулығына қатысты нағыз сұранысты қанағаттандырып отыр. Кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» ЖШС арқылы 9,8 млн теңге қаржылай несие алған. Қазір аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді бастап кетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

– Бұл отбасылық бизнесті ашам дегенімізге 10 жылдың көлемі болған. Былтыр ғана сәті түскен. Кәсіпкерлік мақсатта 6 пайыздық жеңілдікпен несиеге қол жеткізіп, көңілді бірледік. Дәрігерлік кабинет жасақтадық, қажеті медициналық құрал-жабдықтарды өзге мемлекеттерден алдырдық. Мұның барлығы көз ауруларына қатысты керектілер. Қазір аудан бойынша үш айдан бері халыққа көз дертін анықтау, кеңес беру және емдеу қызметін көрсетіп отырмыз. Мұнда келуші көз дертін анықтап, емделіп қана қоймай, сапалы көзілдірікті де таңдайды. Ол өнімдер Қытай, Корея және Жапониядан келген, – дейді дәрігер Ағия Алмағамбетова.

Дәрігердің сөзінше, бұл жоба Аралда алғаш рет қолға алынып отыр. Бұған дейін жеке көз ауруларын емдейтін жеке орталық болмаған. Тұрғындар аудандағы көз дәрігеріне барғанмен қабылдау уақыты тым ұзарып кететін көрінеді. Дұрысы, бір күнде 24 адамнан артық қабылдауы тиіс болса, оның өзі бұдан асып кететін болған. Қазір аралдықтар емханадан бөлек, жаңадан ашылған кабинетте емделіп жүр, яғни бұрынғыдай кезектілік жоқ. Облыс орталығы не көршілес ауданға да сабылмайды.

Тың жобаны қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта елге көрсетілетін қызмет түрін кеңейтіп, орталықты жаңа медициналық жабдықтармен толықтыруды жоспарлап отырғанын да айтты.

Фото: ӨКҚ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *