Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды
2025 жылы ақпаннан бастап ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен министр лауазымынан босатылды.
Ерсайын Қайырғазыұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Фото: Самұрық-Қазына қоры












