Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиевке сот өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қоғамда резонанс болған қылмыстық іске нүкте қойылды. Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына темір торға тоғытылды.

Өткен сот отырысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрған еді. Ол Атырау облысы Жангелдин ауылында төрт адамды, атап айтқанда ата-енесі мен қайын ағасын әрі балдызын бірінен соң бірін қасақана өлтірді.

Сонымен қатар, прокурор айыпталушыдан жәбірленушілерге өтемақы қоры үшін 30 АЕК, 2,5 миллион теңгеден астам процессуалдық шығынды өндіріп алуды және қаза тапқандардың туыстарының азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұраған еді.

Еске сала кетейік, бұл естігенде төбе шашың тік тұратын Жангелдиндегі қайғылы оқиға өткен жылдың соңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сарсемалиев бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін аса қатыгездікпен өлтірген.

Ол бұған дейін Индонезиядан экстрадицияланған. Қазақстанда ол Атырау мен Алматы қалаларындағы клиникаларда бірнеше сот-психиатриялық сараптамадан өтіп, кейін емделуге жіберілген.

«Өздері осыған жеткізді» деп ақталмақшы болған Сұлтан Сәрсемалиев Жангелдин ауылындағы қайын жұртын түгел қырып тастаған қылмысқа қатысты сот барысында жұбайының отбасына қарсы жасалған қанды қылмысқа қатысты өз нұсқасын баяндаған болатын.

Ол төрт адамның, оның үстіне туған қайын жұртының түгелдей өліміне байланысты айыпталып отыр.

Айыпталушының айтуынша, қайғылы оқиғаға ұзақ жылдарға созылған жанжал мен балалар жәрдемақысына байланысты дау себеп болған.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *