Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ірі жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

– Қашаған кен орнында бұған дейін қысқарған өндіріс көлемінің орнын толтыру үшін жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл 2 млн тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, биыл мұнай өндіру бойынша жалпы шығын көлемі 4,9 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін қысқартылған.

— Жалпы, осы жылы мұнай өндіру көлемі 98 млн тонна болады деп болжанып отыр. Ал алты айдағы көрсеткіш 8,98 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 97,9 пайызын көрсетті, — деді ол.

Айта кетейік, мұнай бағасы бір аптада 10%-дан астам өсті. 

Фото: Казинформ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *