Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болат Ақшолақов бұған дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары мұнай-газ саласында және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі












