Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Ақшолақов бұған дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары мұнай-газ саласында және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *