Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстықтың беті қайтады
21–23 шілде аралығында Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.
Жауын-шашынның әсерінен елдің басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейді. Солтүстік пен солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +20…+30°С, орталық және шығыс өңірлерде +22…+35°С, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+35°С болады.
Ал батыс өңірлерде Ираннан келетін ыстық ауа массаларының ықпалынан аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі.













