655 млн доллар: Әлем чемпионатының жеңімпаздары қанша қаржылай жүлде алды?
2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетті. Жеңімпаздар бас-аяғы 655 миллион АҚШ доллар қаржылай жүлде берілді.
1-орын: 50 миллион АҚШ доллары — Испания Футбол федерациясына беріледі;
2-орын: 33 миллион АҚШ доллары — Аргентина Футбол федерациясына беріледі;
3-орын: 29 миллион АҚШ доллары — Англия құрамасына беріледі;
4-орын: 27 миллион АҚШ доллары — Франция құрамасына беріледі.
ФИФА қаржылай сыйақыны жеке ойыншылардың есепшотына емес, әр елдің Футбол федерациясына аударады. Әрі қарай ұлттық федерациялар бұл қаражатты футболшылар мен бапкерлер құрамы арасында бөледі.
Айталық, Испания құрамасы кешегі кездесуде жеңіске жетіп, футболдан әлем чемпионы атанған еді. Пиреней түбегінің өкілдері ақтық кездесуде Аргентиналық аяқдопшыларды 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды қосымша уақытта Ферран Торрес соқты.
Турнирдің жеке марапаттарында Родри «Үздік ойыншы» атанса, «Алтын қолғап» Унаи Симонға бұйырды. «Үздік жас ойыншы» атағын Пау Кубарси иеленді. Ал Килиан Мбаппе «Алтын бутсыны» жеңіп алып, әлем чемпионаттары тарихында бұл марапатты қатарынан екі рет иеленген алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді.













