Сыр елі: Қазалы локомотив жөндеу зауытында еңбек ұжымымен кездесу өтті
Кездесуде өндірістегі еңбек жағдайы, кәсіпорынның жұмысы және өндірістік инфрақұрылымға қатысты мәселелер талқыланды.
Жиынға «Әділет» партиясының Қазалы аудандық сайлауалды штабының төрағасы Күнтілес Назымбеков, штаб төрағасының орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, штаб мүшелері Ғазиз Әліш, Арғын Орымбаев, Нұрмағамбетова Эльмира және Әбілов Күншығар қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған өндіріс, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарына қатысты ұсыныстар таныстырылды.
Штаб мүшесі Ғазиз Әліш өндірістік және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру, еңбек өнімділігі және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы жөніндегі бағдарламада көрсетілген ұсыныстарға тоқталды.
Сондай-ақ теміржол саласында жұмыс істейтін мамандардың еңбек жағдайы, өндірістік нысандардың техникалық мүмкіндіктері және кәсіпорындардағы жұмыс үдерістеріне қатысты мәселелер сөз болды.Кездесу барысында зауыт жұмысшылары өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер, өндірістік инфрақұрылым және мамандарды қолдау мәселелерін қамтыды.

Аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Күнтілес Назымбеков кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлердің назарға алынатынын жеткізді.
Кездесу соңында зауыт жұмысшылары теміржол саласына және өндірістегі еңбек жағдайына қатысты өз пікірлерін білдірді.












