Маха.dxb лақап атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

ҚМА мәліметінше, ол SultanGames, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және өзге де заңсыз интернет-казиноларды жарнамалады деген күдікке ілінген.

Тергеу нұсқасы бойынша, Хикматов Қазақстандағы 35-тен астам блогерді, соның ішінде Қайсар Қамзаны заңсыз казино жарнамасына тартқан. Ол инфлюенсерлердің аудиториясы туралы мәліметтерді жинап, жарнаманың құнын белгілеп отырған.

Махмуд Хикматов — Өзбекстан азаматы, Маха.dxb лақап атымен танымал блогер әрі поп-MMA жекпе-жектерінің қатысушысы.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *