Жыл соңына дейін Қазақстанда 8,8 мыңнан астам пәтер несиеге берілмек,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Бұл туралы Үкімет отырысында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін жалпы құны 130 млрд теңге болатын 8 812 кредиттік пәтерді бөлу жоспарланып отыр.

«Цифрландырудың арқасында біз жыл сайынғы тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырдық. Салыстыру үшін айтсам: бұрын әкімдіктер жылына 7 мыңға жуық пәтер бөлетін, ал бұл жұмыспен жалпы саны 700 қызметкер айналысатын еді. Отбасы банкінде мұны тек 20 маман ғана шешеді», – деді Ләззат Ибрагимова.

Банк басшысының мәліметінше, соңғы бір жарым жыл ішінде 40 мың отбасы «Отбасы банкінің» қолдауымен баспаналы болған.

Сонымен қатар тұрғын үй кезегін цифрландыру мақсатында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылды. Оның құрамында тұрғын үйді автоматты түрде есепке алу және бөлуге мүмкіндік беретін orken.otbasybank.kz порталы жұмыс істейді.

Жүйе тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды орталықтандырылған түрде есепке алып, олардың деректерін автоматты түрде тексереді. Сондай-ақ қайталанатын мәліметтерді анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

Цифрлық жүйені енгізу тұрғын үйді бөлу процесін жеделдетіп, кезектегі азаматтарға баспана алу мүмкіндігін ашық әрі тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *