Нотариустардың жұмысы цифрландырылып, қызмет көрсету үдерісіне жасанды интеллект технологиясы енгізілмек. Сонымен қатар азаматтарды биометриялық сәйкестендіру жүйесі де іске қосылады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Жаңа жүйе азаматтарға нотариус қызметін электронды форматта пайдалануға қосымша мүмкіндік береді. Атап айтқанда, әр азамат платформада жеке кабинет ашып, қажетті нотариаттық қызметтерді пайдалана алады. Сондай-ақ көрсетілген қызметке қатысты мәселе туындаған жағдайда, сол платформа арқылы нотариустың әрекетіне шағым түсіруге мүмкіндік қарастырылған.

Жаңашылдықтардың бірі – микроқаржы ұйымдары үшін нотариусты таңдаудың автоматтандырылуы. Енді жүйе тиісті талаптарға сәйкес нотариусты автоматты түрде өзі анықтайды.

Мамандардың айтуынша, цифрлық шешімдер нотариат саласындағы қызмет көрсету сапасын арттырып, процестердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *