Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібі өзгерді. Енді хабар берушілерге тиесілі сыйақы мен көтермелеуге қатысты материалдарды ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қарайды.
Заң талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген азаматтарға жағдайға байланысты 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған.
Жаңа ережелер 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: Ашық дереккөз












