Батыс Қазақстан облысында WhatsApp арқылы азаматтарға хабарласып, өзін олардың туысы ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды. Олар түрлі сылтаумен ақша аударуды сұрап, жәбірленушілерді алдаған.

Қылмыстық схемаға дроппер де тартылған. Оның банк шоты арқылы жәбірленушілерден түскен шамамен 5 млн теңге шығарылған.

Іс сотта қаралып, үш адам да кінәлі деп танылды. Екі сотталушыға 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшіншісіне 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Сонымен қатар, жәбірленушілердің талап-арыздары толық қанағаттандырылды.

Ескерту: бейтаныс нөмірден «туысыңмын» деп ақша сұраған адамға бірден сенбеңіз. Ақша аудармас бұрын оның кім екенін басқа байланыс арнасы арқылы міндетті түрде тексерген дұрыс.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *