Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты шалғай жатқан Ақбасты елді мекеніндегі Смағұловтар әулетінің келіндері үшін бұл күн азаматтық жауапкершілікті танытумен қатар, отбасы бірлігін көрсететін ерекше сәт болды. Олар сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Әулет келіндерінің айтуынша, әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан олар отбасындағы үлкендердің өнегесін жалғастырып, ел өміріне қатысты шешімдерге өз үлестерін қосуды парыз санайды.
«Біз бір әулеттің келіндері болғанымызбен, әрқайсымыздың өз ойымыз, өз таңдауымыз бар. Дегенмен ел болашағына қатысты маңызды мәселеде азаматтық ұстанымымызды білдіру ортақ міндетіміз. Бірге келіп дауыс беруіміздің өзі береке-бірлігіміздің белгісі», – дейді әулет келіндерінің бірі.
Бүгінде Арал ауданындағы мұндай отбасылық дәстүрлер белсенділік пен жауапкершіліктің жақсы үлгісін көрсетіп отыр. Бірлігі жарасқан әулеттің келіндері өз таңдауларын жасап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетуде.
Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *