Қызылордадағы Қазалы ауданында сайлау учаскелері мерекелік көңіл-күйге бөленді
Сыр еліндегі Қазалы ауданындағы сайлау учаскелерінде ел өміріндегі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дауыс беруге келген тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Сайлау учаскелерінде өнерпаздар ән шырқап, күй төгіліп, ұлттық өнеріміз ұлықталуда. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылуда.
Әр учаскедегі мұндай игі бастамалар сайлау күнін елдік мерекенің ерекше бір көрінісіне айналдырып, тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күймен азаматтық белсенділігін танытуына ықпал етуде.
Ұлттық құндылық пен өнерді ұштастырған бұл шаралар Қазалы жұртының бірлігі мен ұйымшылдығын айқын көрсетуде. Бүгінгі күн – ел болашағына қатысты таңдау жасайтын ғана емес, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, береке-бірлігімізді паш ететін маңызды күн.
Қазалыда сайлау – елдік рух, ұлттық дәстүр және көтеріңкі көңіл-күймен өтуде.
Фото: Қазалы ауданы әкімдігі












