Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбек Семей сынақ полигонында әскери борышын өтеген ардагерлерді қабылдап, оларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Қабылдау барысында аудан басшысы ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың елге сіңірген еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ауданның жоғары марапаттарының бірі – Құрмет грамотасын табыстады.
Қабылдауға «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Шраздин Жұмабаев және Семей сынақ полигоны ардагері Мұстафа Жұманқожаев қатысып, көрсетілген құрмет пен жылы лебіз үшін ризашылықтарын білдірді.
Ардагерлердің ерлігі мен өнегесі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.
Фото: Жаңақорған Қоғамдық даму бөлімі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *