Қызылорда өңіріндегі Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Сәкен Сейфуллин елді мекеніндегі электрмен қайта жабдықтау жобасының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Аудан басшысы жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

– Тұрғындар өтінішіне сәйкес елді мекенді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Монтаждау жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Әрбір жұмыс кезеңі тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Электрмен жабдықтау жобасының жалпы құны – 617,9 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңында 4 техника және 9 жұмысшы жұмылдырылған.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *