Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығына жоспарланған. Қазақстан құрамасы сапында 42 спорт түрінен 152 спортшы бақ сынап жатыр.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар ордо (асық ату), тоғызқұмалақ, кураш, гореш және моңғол күресінен сайысқа түсті.

Тоғызқұмалақ бойынша жарыстар 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал ордо (асық ату) спортындағы финалдық кездесулер 2 қыркүйекте өтеді.

Моңғол күресінен өнер көрсеткен Ерасыл Амангелді мен горештен сынға түскен Мадияр Абдрахманов қарсыластарына есе жіберді. Күрестің үш түрі бойынша жарыстар аяқталды.

2 қыркүйекте Көшпенділер ойындарында көкпар, көкбору, эр эңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, қыран құстармен аң аулау, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, масс-рестлинг, арқан тарту, сумо, стронгмен және жамбас сүйегін сындыру бойынша жарыстар өтеді.

Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның туын көкпардан әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *