Жаңа оқу жылы басталды.  Өткен жыл да өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Оның көрінісі – Қызылордада орташа білім көрсеткіші кейінгі үш жыл қатарынан республика бойынша көш басында. Биыл облыста 17700 бала бірінші сыныпқа қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуыр­да өткен республикалық Тамыз конферен­ция­сында бірқатар өңірдің білім көрсеткішіне бөлек назар ау­дарып, салаға бағытталған мемлекеттік бағ­дар­лама­лар­дың сапалы орындалғанын атап өткен болатын. Осы қатарда Қызылорда облысы да бар.

Айталық, өткен 2025-2026 оқу жылының қорытын­ды­сы­мен, мектеп бітіруші 10340 тү­лектің 10 140-ы немесе 99,55 пайызы ҰБТ-ға қатысып, ор­таша балл 74,90-ды көр­сетті. Оның ішінде 967 түлек «Алтын бел­гі», 1124 түлек «Үздік ат­тестат» иегері атан­ды. Жалпы бітіруші түлектердің 16 па­йы­зы 100 және одан жоғары балл жинаған. Осы орайда облыстың екі түлегі 140 балл иеленіп, білімнің биік шыңынан кө­рінгенін де атап өткеніміз жөн. Бұдан бөлек, ай­мақтың білім саласы олимпиадалық коман­да­лар арасында республикалық  үздік үштік құрамында.

Білім – қашан да әлеуметтік маңызы зор саланың бірі. Сон­дық­тан мемлекет тара­пынан ай­рықша көңіл бөлініп, жыл са­йын жүйелі бағдарламалар жа­­­са­лып, жаңа мін­деттер жүк­те­ле­ді. Осыған сәйкес облыс әкім­­­дігі бұл салаға  нақты қол­дау көрсетіп келеді. Оның ай­қын көрінісі, 2022-2023 оқу жы­лынан бері қарай өңірдің білім сала­сының инфрақұрылымы қар­қын­ды дамып, 40-тан астам білім беру, қосымша білім беру меке­мелері жаңадан бой көтерген.

Дәлірек айтсақ, бүгінде за­манауи жаб­дықталған мек­теп­тер, балабақшалар, Оқушылар сарайлары, Өнер мектептері, «Сыр жұлдыздары» шығар­ма­шылық-инно­вациялық, «Ai-kerim» оқу-сауықтыру орта­лық­тары қызмет көрсетеді. Жалпы 60-тан астам қосымша білім беру ұйымдарында 70 мыңға жуық бала қамтылған. Сондай-ақ биыл қаладан шалғай орналасқан Әл Фара­би шағын ауданында 360 орындық шығар­машылық орталығының құры­лысы бастау алмақ.

Алдағы оқу жылына байла­нысты да атқаратын міндеттер ауқымды. Атап айтқанда, педа­гогтердің кәсіби әлеуетін арт­ты­ру, оқушылардың білім сапа­сын көтеру, сондай-ақ, ха­­лық­аралық деңгейдегі жетіс­тік­терін кө­бейту бағытында жүй­елі жұ­мыс­тар жүргізіледі. Со­нымен бірге, Президент ай­қын­даған жаңа мін­деттерге сәй­кес білім сапа­сын арттыруда цифр­лық техно­логиялар мен жа­сан­ды интеллект мүмкін­дік­терін тиімді пайда­лану, тәр­бие­лік жұмысты кү­шей­ту және адами капиталды да­мыту мәсе­лелері алдағы кезең­нің негізгі ба­сымдығы ре­тінде белгіленіп отыр.

Кешегі өткен Тамыз кеңе­сінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Президент бел­гіле­ген басымдықтарға сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағ­дарламасын іске асыру, бала­лардың қауіпсіздігін қам­тама­сыз ету, құқықтық мәде­ниетті қалып­тастыру, кітап оқу мәдениетін дамыту, ғылым мен инновацияға қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыс­тарға ерекше назар аудары­латынын атап өтті. Сондай-ақ білім сапасын арттыру, білім беру ұйым­дарының мате­риал­дық-техникалық базасын ны­ғайту, жаңа мектептер салу, пе­да­гогтердің кәсіби дамуына жағ­­дай жасау мәселелері үнемі бас­ты назарда болатынын айтты.

Фото: Н.Нұржаубай

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *