Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ақылы негізде заңсыз сатылған 26 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы анықталған.

Заңсыз сатылым фактілері бойынша 106 медициналық ұйым мен дәріхана тексеріліп, олардың 60-тан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты, ал алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 36 млн теңге деп бағаланып отыр.

Тексеру нәтижелері бойынша барлық материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымын бақылауды күшейту мақсатында цифрлық таңбалау жүйесі енгізілуде. Жүйе 2026 жылғы қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ), ал 2027 жылдан бастап медициналық мақсаттағы бұйымдарға енгізіледі.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *