Өңірдегі инфрақұрылымның жағдайы мен тұтынушыларды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі әрдайым басты назарда. Осы мақсатта ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық мәслихат депутаттары «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» (ҚЭТТК) АҚ нысандарын аралап, атқарылған жұмыстарға мониторинг жасады.
Қазіргі таңда облыстағы электр желілерінің орташа тозу деңгейі 60,82 пайызы құрайды. Осы олқылықтың орнын толтырып, тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамту үшін Департамент пен «ҚЭТТК» АҚ арасында 2021-2026 жылдарға арналған 12 855,9 млн теңгелік ауқымды инвестициялық бағдарлама бекітілген болатын.
Аталған бағдарлама негізгі өндірістік қорларды жаңғырту және жаңарту, желілердегі апаттық жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту сияқты маңызды бағыттарды көздейді. Инвестициялық жоспар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2025 жылы жалпы сомасы 8 289,2 млн теңгенің іс-шаралары атқарылса, 2026 жылға арналған бағдарлама шеңберінде 502,7 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 2026 жылға арналған жоспар 75 пайызға орындалып үлгерді. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар толық аяқталып, желілердің тозу деңгейін 0,5 пайызға төмендетуге жол ашады деп күтілуде. Инвестициялық бағдарламаның тиімді іске асырылуы өңір тұрғындары үшін үлкен маңызға ие. Бұл ең алдымен электр энергиясының ысырабын азайтып, жарықтың тұрақты берілуін қамтамасыз ететін сенімді қадам болып табылады. Нәтижесінде, облыс тұтынушылары сапалы да үздіксіз электр қуатымен толықтай қамтылатын болады.
Фото: «Әділет» партиясы Қызылорда қалалық филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *