Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде арнайы операция жүргізді.

Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтардың, шекара маңындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесуге бағытталды.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Операция барысында заңсыз айналымнан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фот: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *