Еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 26-28 қыркүйек аралығында елдің солтүстігі мен шығысында түнгі ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, 27-28 қыркүйекте солтүстік-батыс және орталық өңірлерде үсік жүруі ықтимал. Сондықтан аталған аймақтарда тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болған жөн.
Жалпы, кезең ішінде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен, шығыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктер ел аумағының басым бөлігінде желдің күшейетінін болжап отыр. Ал оңтүстік өңірлерде желдің екпінімен бірге шаңды дауыл болуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға алдағы күндері ауа райындағы өзгерістерді ескеріп, өңірлердегі нақты болжамдарды бақылауды ұсынады.

Фото: Ашық дереккөз












