Тоқаев «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.
Еске салсақ, кеше кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алған еді.
Фото: Ақорда












