Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *