Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту отандық зауыттардың өндірісіне серпін беріп отыр. Сатып алынатын техниканың 95%-ы Қазақстанда шығарылған. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында техникалардың жай-күйін айтты.

Министрдің мәліметінше, биылғы он айда лизинг арқылы сатып алынған комбайндар саны 21%-ға, тракторлар саны 16%-ға өскен.

Осы кезеңде «АгромашХолдинг» компаниясы 1 230 трактор шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Ал «ҚазРост Инжиниринг» кәсіпорны 262 комбайн өндіріп, көрсеткішін 72 %-ға арттырған.

Ең маңыздысы, сатып алынатын техниканың 95 пайызы отанымызда өндірілген. Бұл отандық зауыттардың жұмысына да оң әсерін тигізуде, – деді Айдарбек Сапаров.

Он айдың қорытындысында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 7,5%-ға жеткен. Жыл соңына дейін оны 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, техника паркінің тозу деңгейі де төмендеп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 90% болса, 2025 жылы 70%, биыл 63%-ға дейін азайған. Жыл соңына дейін оны 60%-ға түсіру көзделген.

Фото: Үкімет

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *