Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйі, құрылысы, жөндеуі және сапасын бақылау туралы ақпаратты біріктіретін E-Joldar бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты — жол инфрақұрылымы туралы толық цифрлық ақпарат қалыптастырып, оны азаматтарға, жол саласының қызметтеріне және мемлекеттік органдарға қолжетімді ету. E-Joldar жол саласындағы әртүрлі ақпараттық жүйелердің деректерін бір ортаға біріктіреді. Жоба аясында саланың 12 ақпараттық жүйесімен интеграциялау көзделген. Қазіргі уақытта платформаға республикалық маңызы бар 41 мың шақырымнан астам автомобиль жолы туралы деректер енгізілген.

Платформаның негізгі мүмкіндіктерінің бірі — әр жолдың және оның жекелеген учаскелерінің цифрлық тарихын қалыптастыру. Онда жолдың негізгі сипаттамалары, жүргізілген жөндеу жұмыстары, мердігер ұйымдар, пайдаланылған материалдар, зертханалық сынақтардың нәтижелері және азаматтардың өтініштері туралы мәліметтер жинақталады. Бұл нақты бір учаскеде қандай жұмыстар жүргізілгенін, қандай материалдар қолданылғанын, олардың зертханалық сынақтан өткен-өтпегенін және бақылау барысында қандай кемшіліктер анықталғанын қадағалауға мүмкіндік береді. Жинақталған деректер жол жабынының жағдайын талдауға, орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесін бағалауға және жолдардың мерзімінен бұрын бұзылу себептерін анықтауға негіз болады.

Бірыңғай ақпараттық базаны қалыптастыру үшін E-Joldar жол саласында қолданыстағы цифрлық шешімдердің деректерін біріктіреді. Олардың қатарында жол жұмыстары мен материалдардың сапасын тексеру, зертханалық сынақтардың нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын KazRoadLab, жолдардың жағдайы туралы деректер негізінде жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтауға және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға арналған RoadIQ, сондай-ақ жол бойындағы сервистік нысандар туралы мәліметтерді ұсынатын Sapar жүйесі бар. Сонымен қатар платформаны e-Otinish жүйесімен интеграциялау көзделген. Бұл азаматтардың жолдардың жай-күйіне қатысты өтініштерін нақты учаскелермен байланыстырып, оларды тексеру нәтижелерімен және жөндеу тарихымен салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша проблемалық учаскелерді анықтау кезінде жол қызметтері техникалық деректермен қатар тұрғындардың өтініштерін де ескере алады.

Платформа жол саласының мамандарына ғана емес, қарапайым пайдаланушыларға да пайдалы болады. Оның көмегімен жолдардың жай-күйі мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат алуға, сондай-ақ бағыт бойындағы жанармай құю бекеттері, демалыс орындары, тамақтану орындары және басқа да жол бойындағы сервистер туралы мәліметтерді көруге болады. Бұл жол инфрақұрылымы туралы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, автокөлік жүргізушілеріне сапарларын жоспарлауға көмектеседі. Қолданылған материалдар, зертханалық сынақтардың нәтижелері және олардың пайдаланылған орындары туралы деректерді біріктіру жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мүмкіндігін кеңейтеді. Әр учаске бойынша материалдар туралы мәліметтерді сынақ нәтижелерімен салыстырып, анықталған кемшіліктер мен бұрын жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты қадағалауға болады. Мұндай цифрлық тарих орындалған жұмыстардың сапасы мен жол жабынының жағдайын кешенді бағалауға негіз болады.

E-Joldar платформасының тағы бір маңызды мүмкіндігі — жөндеу жұмыстарын басымдыққа қарай жоспарлауға көмектесу. Жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтау кезінде жол жабынының жағдайы, көлік қозғалысының қарқындылығы, бұрын жүргізілген жөндеу жұмыстары және тексеру нәтижелері ескеріледі. Осы деректерді талдау арқылы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтап, жұмыстарды жолдың нақты жағдайына қарай жоспарлауға болады. Бұл бюджет қаражатын тиімді бөлуге, оны жөндеуді шынымен қажет ететін учаскелерге бағыттауға және жол жабынының одан әрі бұзылуының алдын алу үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта E-Joldar платформасы әзірлену үстінде. Бірыңғай цифрлық платформаны 2027 жылдың жазында іске қосу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты — жол инфрақұрылымы туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, жол жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту, жөндеу жұмыстарын жосE-Joldar: Қазақстанда жолдар туралы бірыңғай цифрлық платформа әзірленіп жатыр

Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйі, құрылысы, жөндеуі және сапасын бақылау туралы ақпаратты біріктіретін E-Joldar бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты — жол инфрақұрылымы туралы толық цифрлық ақпарат қалыптастырып, оны азаматтарға, жол саласының қызметтеріне және мемлекеттік органдарға қолжетімді ету. E-Joldar жол саласындағы әртүрлі ақпараттық жүйелердің деректерін бір ортаға біріктіреді. Жоба аясында саланың 12 ақпараттық жүйесімен интеграциялау көзделген. Қазіргі уақытта платформаға республикалық маңызы бар 41 мың шақырымнан астам автомобиль жолы туралы деректер енгізілген.

Платформаның негізгі мүмкіндіктерінің бірі — әр жолдың және оның жекелеген учаскелерінің цифрлық тарихын қалыптастыру. Онда жолдың негізгі сипаттамалары, жүргізілген жөндеу жұмыстары, мердігер ұйымдар, пайдаланылған материалдар, зертханалық сынақтардың нәтижелері және азаматтардың өтініштері туралы мәліметтер жинақталады. Бұл нақты бір учаскеде қандай жұмыстар жүргізілгенін, қандай материалдар қолданылғанын, олардың зертханалық сынақтан өткен-өтпегенін және бақылау барысында қандай кемшіліктер анықталғанын қадағалауға мүмкіндік береді. Жинақталған деректер жол жабынының жағдайын талдауға, орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесін бағалауға және жолдардың мерзімінен бұрын бұзылу себептерін анықтауға негіз болады.

Бірыңғай ақпараттық базаны қалыптастыру үшін E-Joldar жол саласында қолданыстағы цифрлық шешімдердің деректерін біріктіреді. Олардың қатарында жол жұмыстары мен материалдардың сапасын тексеру, зертханалық сынақтардың нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын KazRoadLab, жолдардың жағдайы туралы деректер негізінде жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтауға және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға арналған RoadIQ, сондай-ақ жол бойындағы сервистік нысандар туралы мәліметтерді ұсынатын Sapar жүйесі бар.

Сонымен қатар платформаны e-Otinish жүйесімен интеграциялау көзделген. Бұл азаматтардың жолдардың жай-күйіне қатысты өтініштерін нақты учаскелермен байланыстырып, оларды тексеру нәтижелерімен және жөндеу тарихымен салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша проблемалық учаскелерді анықтау кезінде жол қызметтері техникалық деректермен қатар тұрғындардың өтініштерін де ескере алады.

Платформа жол саласының мамандарына ғана емес, қарапайым пайдаланушыларға да пайдалы болады. Оның көмегімен жолдардың жай-күйі мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат алуға, сондай-ақ бағыт бойындағы жанармай құю бекеттері, демалыс орындары, тамақтану орындары және басқа да жол бойындағы сервистер туралы мәліметтерді көруге болады. Бұл жол инфрақұрылымы туралы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, автокөлік жүргізушілеріне сапарларын жоспарлауға көмектеседі.

Қолданылған материалдар, зертханалық сынақтардың нәтижелері және олардың пайдаланылған орындары туралы деректерді біріктіру жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мүмкіндігін кеңейтеді. Әр учаске бойынша материалдар туралы мәліметтерді сынақ нәтижелерімен салыстырып, анықталған кемшіліктер мен бұрын жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты қадағалауға болады. Мұндай цифрлық тарих орындалған жұмыстардың сапасы мен жол жабынының жағдайын кешенді бағалауға негіз болады.

E-Joldar платформасының тағы бір маңызды мүмкіндігі — жөндеу жұмыстарын басымдыққа қарай жоспарлауға көмектесу. Жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтау кезінде жол жабынының жағдайы, көлік қозғалысының қарқындылығы, бұрын жүргізілген жөндеу жұмыстары және тексеру нәтижелері ескеріледі. Осы деректерді талдау арқылы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтап, жұмыстарды жолдың нақты жағдайына қарай жоспарлауға болады. Бұл бюджет қаражатын тиімді бөлуге, оны жөндеуді шынымен қажет ететін учаскелерге бағыттауға және жол жабынының одан әрі бұзылуының алдын алу үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта E-Joldar платформасы әзірлену үстінде. Бірыңғай цифрлық платформаны 2027 жылдың жазында іске қосу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты — жол инфрақұрылымы туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, жол жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту, жөндеу жұмыстарын жоспарлау тиімділігін арттыру және Қазақстанның автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен дамытуға бөлінетін қаражатты негізді түрде бағыттау, парлау тиімділігін арттыру және Қазақстанның автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен дамытуға бөлінетін қаражатты негізді түрде бағыттау.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *