Бүгінгі жастар мен жасөспірімдердің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – есірткіге әуестік.  Бұл тек қолдану ғана емес, оны тасымалдау мен таратуға да қатысы бар аса қауіпті қылмыс.

Меніңше, есірткісіз қоғам құру үлкен сөздерден емес, қарапайым әрекеттерден басталады. Досыңды қолдау, жақсы орта таңдау, спортпен айналысу, білімге ұмтылу және қиын жағдайда көмек сұраудан қорықпау – өмірді дұрыс бағытта құрудың маңызды қадамдары.

Біз – қоғамның үніміз. Біздің әрбір дұрыс таңдауымыз өзгеге үлгі бола алады. Егер әр жас өз денсаулығын, арманын және болашағын қорғай білсе, еліміздің ертеңі де нұрлы болады.

Есірткі – балдай тәтті у: сырттай қызық көрінгенімен, іштен жеп, өмірді улайды. Ал оны тасымалдау немесе біреуге жеткізу  өз болашағыңды ғана емес, өзгенің де тағдырын құрдымға жіберу ғой.  Ал қылмысқа қадам басу – қара түнекке өз еркіңмен енумен тең. Осы орайда ұлы Абайдың «Адам баласы – ақыл, ғылым, ар, мінезбен озбақ» деген сөзін жадымызда мәңгі сақтағанымыз абзал.

Қорытындылай айтсам, біз – елдің ертеңіміз. Есірткіге қарсы тұру – өмірді, денсаулықты және болашақты таңдау екенін ұмытпайық. Денсаулық бар жерде – арман бар, үміт бар. Сондықтан мен салауатты өмір салтын таңдап, қауіпсіз ортада өмір сүруді таңдаймын.

Есірткісіз болашақ – бұл жай ғана ұран емес. Бұл – саналы таңдау, ортақ жауапкершілік және әрқайсымыздың жарқын өмірге қосатын үндеуіміз!

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,

Алдашбай ахун ауылы

«№111 орта мектебі» КММ

9-сынып оқушысы

Мәди РАЙЫМБЕКОВ 

Жетекшісі: Күзекова Жайна Қуанышқызы

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *