Бүгін «Әділет» партиясы Жетісу облыстық сайлауалды штабының төрағасы Амангелді Есбай мен партия жақтасы әрі ақсақалы Ермек Келемсейіт Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында партия өкілдері саяси ұйымның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы ауылдың әл-ауқатын арттыратын бастамаларды баян етті.

Ашық пікір алмасуда білім беру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, әлеуметтік қолдау және қаржы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жаңғырту, баламалы энергия көзін пайдалану және көгілдір отынға қолжетімділікті арттыру тақырыптары да қаузалды.

Алғаш сөз тізгінін тартқан Амангелді Есбайдың айтуынша, партияның республикалық сайлауалды бағдарламасындағы тоғыз негізгі мақсатты облыстың ерекшеліктері мен басымдықтарын ескере отырып жүйелі түрде іске асыруға бағытталған. Бұл – халықты жайлы тұрғын үймен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

– Облыста 61 тірек ауылды, 123 серіктес ауылды және 1 стратегиялық ауылды дамытамыз. Дәл осы ауылдар заманауи ауылдық инфрақұрылымды дамытудың негізіне айналады. 2031 жылға қарай барлық тірек және серіктес ауылдарды Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктердің толық жиынтығымен қамтамасыз етіп, осы стандарттарға сәйкес келетін ауылдық елді мекендердің үлесін 67,8%-дан 69,2%-ға дейін арттырамыз, — деді спикер.

Мұнан өзге штаб партия 2031 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі орта бизнестің үлесін 3,3%-дан 4,0%-ға дейін арттырып, кәсіпкерлердің 200-ден астам жобасына мемлекеттік қолдау көрсететінін алға тартты.

Келелі кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына толымды жауап алып, саяси науқанда өркендеуге бастайтын бастамалары бар партияны қолдайтынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Орындаған: «PUBLIC MEDIA» ЖК
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *