Иранда Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) жаңа жерасты зымыран қаласы ашылды. Бұл туралы BAQ.KZ Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ашылу рәсімі барысында нысанның дайындығы тексерілді. Иран Бас штабының басшысы Әли Абдоллахи мен ИРСК Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Мәжид Мусави кешеннің әзірлігін қарап шықты. Ал Сақшылар корпусының өкілі Хосейн Мохеби Тегеранның баллистикалық зымырандарының ұшу қашықтығына қойылған шектеулердің алынып тасталғанын мәлімдеді.

7 қарашада Иран зымырандардың ұшу қашықтығына қойылған шектеулерді алып тастаған болатын. Сонымен қатар ИРСК бригадалық генералы Хосейн Мохебби жаңа жерасты зымыран кешені жақын арада ашылып, басқа да әскери әзірлемелер таныстырылатынын хабарлаған. Ол бұл жаңалықты үлкен жетістік деп бағалаған.

Оның айтуынша, ИРСК Әуе-ғарыш күштері зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді жер бетіндегі нысандардан жерасты құрылыстарына жедел көшірген.

Енді Иран қару-жарақ сақтайтын жерасты қоймаларынан тұтас «зымыран қалаларын» құруға көшіп жатыр. Мұндай кешендерде әскери техника сақталып қана қоймай, оны өндіру де көзделген.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *