«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы ақпаннан бастап ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен министр лауазымынан босатылды.

Ерсайын Қайырғазыұлы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Фото: Самұрық-Қазына қоры

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *