Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады
25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Фото: akorda.kz












