Жайықтың Жансаясы — айтыстың ақтаңгері
Астанада өткен «Алтын домбыра» айтысында Жансая Мусина «Айтыстың ақтаңгері — 2024» атағына ие болды.
Айтайық, жыр додасына 14 ақын қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нақтырақ айтқанда, сыр елі, жыр елінің талантты түлегі Мейірбек Сұлтанхан «Алтын домбыраны» жеңіп алды. 1 орын Ақтөбе облысының тумасы Нұрбол Жауыбаевқа бұйырды. 2 орын жетісулық Айым Асылбекққызына бұйырды. Үздік үштікті үш ақын түйіндеді. Олар, қарағандылық Дидар Қамиев, Павлодар облысының намысын қорғаған ақын Аспанбек Шұғатаев және ұлытаулық сөз зергері Өміржан Көпбосын.
#ФастНьюсКЗ #Айтыс #АйтыстыңАқтаңгері #АлтынДомбыра #2024