Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінді. Салдарынан 53 адам мерт болып, 62 адам мертікті.
/cурет ашық дереккөздерден алынды
Табиғи апаттың қуаты 7.0 балл. Дүмпу ошағы 10 км тереңдікте орналасқан. Ал эпицентрі Непалдың Лобуче елді мекенінен 99 км қашықтықта анықталды. Айтайық, эпицентрден 20 км радиусында 3 елді мекен және 27 ауыл орналасқан. Бұл аймақта шамамен 6,9 мың адам қоныстанған.
Қазір Қытай билігі құтқару жұмыстарын қарқынды ұйымдастыруда. Си Цзиньпин Тибеттегі жер сілкінісінен кейін жауаптыларға жұмысты күшейтуді тапсырды. Жапа шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.
Жер сілкінісінен кейін 49 афтершок тіркеліп, Қытай билігі Эвересті туристер мен альпинистер үшін жабылды.