Қазақстандық Александр Черепанов «Жас актер» номинациясын жеңіп алды. Ол «Шатырдағы екеу» фильмінде аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның рөлін сомдаған. Ал фильм режиссері Гүлшат Смағұлова «Режиссер-дебютант» аталымы бойынша марапатталды. Сөйтіп, «Шатырдағы екеу» фильмі Нью-Йорктегі Oniros Film Awards® халықаралық кинопремиясында екі номинация еншіледі.
Айта кету керек, фильмнің сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы суретшісі – Елена Айтова, ал қоюшы операторы – Александр Плотников.
Кинода Елдар Әбіш, Александр Черепанов, Лидия Ярцева (Ресей), Ольга Ландина, Евгений Задорожнев, Жанна Қуанышева, Дәулет Кекілбаев, Бағлан Нүрекенова сияқты жас әрі танымал актерлер ойнайды. Қазіргі уақытта аталған кино қазақ және орыс тілінде көрсетілімге шықты.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *