Мұхтар Мағауин өмірден озды
Әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин Facebook парақшасында жариялады.
«Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)», — делінген жазбада.
Сондай-ақ қаламгердің ұлы әке шығармасынан үзінді келтірген. «Мына Мен – айбынды Ғұн, ержүрек Түрік, кемеңгер Шыңғыс хан, Асқақ Алтын Орда, оған жалғас нұр шұғылалы Алаш әулеті – бар ғұмыры жарыққа ұмтылған арпалыс үстінде өткен Мұхтар Мағауин – көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Аруаққа айналам! Иә!»
Мұхтар Мағауин, «Көлме-көл». Толық шығармалар жинағы, 26-шы том.