Қазақстандықтар 2025 жылы неше күн демалады?
2025 жылы қазақстандықтар мереке және сенбі-жексенбі күндерін қоса алғанда 119 күн демалады.

Қаңтарда Жаңа жыл мерекесі ұзақ демалыс сыйлады. Бұл айда барлығы 11 демалыс күні бар. Ақпан мен сәуірде, сонымен қатар қараша айында қосымша мерекелер қарастырылмаған.
Демалыс күндері наурыз айында көп болады — 14 күн.
Мамырда сенбі-жексенбіден бөлек 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні бар.
Маусымның 6-сы Құрбан айт мерекесі. Яғни, қазақстандықтар 3 күн жұмысқа шықпайды.
Ал шілдеде Астана күні жексенбіге келгендіктен, дүйсенбі демалыс болады. Тамызда Конституция күні бар. Бұл мереке дүйсенбіге ауыстырылып, 1 қыркүйек – демалыс болады. Ал қазанда Республика күні қарсаңында қазақстандықтар 25 қазаннан 27 қазанға дейін демалады. Сондай-ақ 16 желтоқсан сейсенбіге келіп тұр. Сол күні ғана — демалыс.
#Фастньюскз #2025 #Демалыс